«Блокчейн» бағдарламасының артықшылығы
«Блокчейн» бағдарламасының артықшылығы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласы Әділет органынан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап берілді. Сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №451 бұйрығына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел түрде тіркеу құны бекітіліп, 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап қолданысқа енді. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел түрде тіркеу артықшылығы, мемлекеттік тіркеу мерзімі үш тәуліктен екі сағатқа дейін қысқарды. Өткен жылдан бастап екінші деңгейлі банктердің жылжымайтын мүлік нысандарына кепілді тіркеу мақсатында «Блокчейн» бағдарламасы қолданысқа енді. Қазіргі уақытта бұл бағдарламаның тиімділігі сол, қызмет алушылар жылжымайтын мүлік нысандарына кепілді тіркеу мақсатында өтініштерді халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне барып кезекке тұрып, әуре-сарсаңға түсудің қажеттілігі жоқ. Шыңғыс Өсербайұлы аталған өтінішті кепіл ұстаушы, яғни банк тарапынан тіркеуші органға жолдап, тіркеу үшін төленетін төлем төленгеннен соң бір күннің ішінде мемлекеттік тіркеу жүргізілетінін атап өтті. – Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің барлығы қарапайымдандырылып, қызметті ұсыну мерзімдері қысқаруда. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамаларды халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне бармай-ақ, электронды цифрлық қолтаңбаның негізінде «Электрондық Үкімет» арқылы алуға болады, – деді басқарма басшысы. Айжан ӨЗБЕКОВА