КОНСТИТУЦИЯ ҮСТЕМДІГІ– ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ
КОНСТИТУЦИЯ ҮСТЕМДІГІ– ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ
Конституциялық реформаның басты міндеті – нақты көппартиялылықты бекітуге қосымша жағдай жасау, Президент сайлауына қойылатын талап пен тәсілді қайта қарау, Парламент Мәжілісінің сайлауын демократияландыру, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімдерін тағайындау кезінде кандидатуралардың баламалығын енгізу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін арттыру, Үкіметтің жауапкершілігін күшейту, өлім жазасын жою, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі мен міндетін нығайту. Бұл ретте Конституциялық Соттың құрылуын ерекше атап көрсету қажет. Мемлекет басшысы : «Конституциялық Сот Әділетті Қазақстанның айнасы болады десек, артық айтқандық емес» деп атап өтті. Президенттің бұл сөзі жаңадан құрылған конституциялық бақылау органының қызметіне үлкен жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз. Жұмысын биыл 1 қаңтардан бастаған Конституциялық Сотқа өткен сегіз айда 4 мыңға жуық азамат шағымданған. Оның 90 пайызы Конституциялық заңда белгіленген талапқа сай келмегендіктен өтініш берушілерге барлық кемшілік түзетіліп, өтініш талапқа сәйкес келтірілгеннен кейін қайта жүгіну құқығы түсіндірілді. Бүгінгі күні Конституциялық Сот судьялары 23 іс бойынша қорытынды шешім шығарды , оның 18-і азаматтардың өтініштері бойынша Президенттің – 3, Парламент депутаттарының – 1, мемлекеттік орган өкілінің бір өтініші қаралды. Азаматтардың өтініші бойынша 30-дан астам құқықтық норманың конституциялығы қаралып, оның 5-еуі конституциялық емес деп танылды, 12-сі Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкестігі айқындалды. Өтініш иелері көбіне қылмыстық және қылмыстықпроцестік заңнаманың, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің, сот жүйесі саласындағы заңнаманың және Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларының нормаларына қатысты дау айтқан. Президенттің өтініші бойынша Парламент 2023 жылы 16 наурызда қабылдаған және Мемлекет басшысына 2023 жылы 24 наурызда қол қоюға ұсынылған Әлеуметтік кодекс және оған ілеспе заңнамалық актілер – «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заң, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу т уралы» заңдардың Конституцияға сәйкестігі қаралды. Бұл құжаттарды Негізгі заңға сәйкес деп тани отырып, Конституциялық Сот Үкіметтің назарын аталған актілер қолданысқа енгізілгенге дейін жоюы қажет жекелеген кемшілікке аударды. Олар әлеу-меттік қорғау туралы заңнамаға, Үкімет пен уәкілетті органның өкілеттік-терін бекіту туралы, әлеуметтік қорғау саласындағы құқық пен бостандық-ты кемсітуге жол бермеу туралы, кейбір жәрдемақылар мен төлемдерді та-ғайындауға жүгіну мерзімдеріне, олардың мөлшерін айқындау тәсілдеріне, төлемдерді тоқтата тұру немесе бас тарту үшін негіздерге қатысты. Алдын ала к онстит уциялық бақылау тәртібімен «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының және «Қазақстан Республикасының к ейбір заңнамалық ак тілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының Конституцияға сәйкестігіне тексеру жүзеге асырылды. Конституциялық Соттың 2023 жылы 8 сәуірдегі №7 қабылданған нормативтік қаулысында «Үкімет-орталық атқарушы органдар - жергілікті атқаруш органдар» мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату жөніндегі тәсілдердің жеткіліксіз пысықталғанын көрсетті. К о н с т и т у ц и я л ы қ С о т К о н с т и т у ц и я н ы ң 6 8 - б а б ы н д а белгіленген Үкімет мүшелерінің дербес жауапкершілігін ескере отырып, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысатын атқарушы мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктерді бөлу кезінде Үкімет, орталық және жергілікті атқа-рушы органдар арасындағы осы саладағы деңгейді, мақсатты, міндет пен өкілеттікті нақты ажырату қажет екенін көрсетті. Ү к і м е т к е П а р л а м е н т т і ң биылғы сессия аяқталғанға дейін Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын ескере отырып, заң жобаларын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу ұсынылды. Президенттің олигополия мен непотизмге қарсы күрес бағыты берік. «Экономиканың негізгі салаларындағы олигополияның тарихи үстемдігі нарық пен салалардың дамуын тежейді. Бұл жағдайды заңнамалық және практикалық тұрғыдан батыл өзгертетін боламыз», деді бұл жайында Мемлекет басшысы. Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға бір адамның билігін монополиялауға жол бермеу жөнінде өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Оған сәйкес «Бір адам бір реттен артық Президент болып сайлана алмайды» (Конституцияның 42-бабы 5-тармағы); «Президент өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс» (Конституцияның 43-бабы 3-тармағы); «Президенттің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ» (Конституцияның 43-бабы 4-тармағы). Бір топ Парламент депутатының өтініші бойынша қабылданған 2023 жыл 10 қаңтардағы №2 нормативтік қаулысында Конституциялық сот « Қ аз а қ с та н Ре с п у бл и к а с ы н ы ң Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшін жою деп тану жөнінде ресми түсініктеме берді. Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының дербестендірілген конституциялық заңының және Республиканың Тұңғыш Президенті туралы Конституцияда басқа да ескертулердің болуының конституциялық-құқықтық негіздерін алып тастаған 2022 жылы 5 шілдедегі республикалық референдум өткізілгеннен кейін осы заңның қолданыстағы заңнамада сақталуы К о н с т и т у ц и я н ы ң ж а ң а рт ы л ғ а н редакция-сымен келіспейді деп пайымдады. О с ы ғ а н б а й л а н ы с т ы Конституциялық сот «2022 жылы 5 ш і л д е д е г і р е с п у б л и к а л ы қ референдумда айтылған Қазақстан халқының еркіне сүйене отырып, Конституциядан 46-баптың 4-тармағын және басқа да нормаларды алып тастау туралы, қазіргі уақытта Конституцияда Қ а з а қ - с т а н Ре с п у бл и к а с ы н ы ң конституциялық заңын сақтау үшін құқықтық негіз жоқ деп танылсын. Қ а з а қ с т а н Ре с п у бл и к а с ы н ы ң Президенті – Елбасы Қа-зақстан Республикасының қолданыстағы құқығында, осыған байланысты ол күші жойылды деп танылуға жатады», деп қаулы етті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі жұмысқа бастамашылық танытты. Президент: «Біздің мақсатымыз – айқын. Халықтан ұрланған активтерді елге қайтарып, әділдік орнатуымыз керек», деп атап өтті. Конституциялық Сот Президенттің өтінішін ашық отырыста қарастырып, 2023 жылы 20 және 29 маусымда Парламент қабылдаған және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынған «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның; «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» заңдарды Конституцияға сәйкес келеді деп таныды. Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің өтініші бойынша «Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормаларын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін орындау тәртібіне қатысты ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің 2009 жылы 5 қарашадағы №6 нормативтік қаулысының жекелеген ережелеріне түсініктеме берілді. Конституциялық Сот Республика қатысушысы болып саналатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін қабылдау және күшіне ену тәртібі осы мемлекеттер деңгейінде жоғары органның даулы мәселені қарау мүмкіндігімен ұлттық мүдделердің толық есепке алынуын қамтамасыз етуге тиіс екендігіне назар аударды. Жүргізілген конституциялық р е ф о р м а л а р а з а м а т т а р д ы ң құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдік кешенін едәуір күшейтті. Бұл ретте азаматтардың Конституциялық Сотқа тікелей жүгіне отырып, қолданыстағы заңнаманың Ата Заңымызға сәйкестігін тексеру туралы талабы конституциялық бақылау органының ерекшелігі екенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ мұндай құқықтарға Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де ие. Конституциялық Сот қызметіне кіріскелі жекелеген нормативтікқ ұ қ ы қ т ы қ а к т і л е р д е е л е у л і олқылықтың бар екенін анықтады. Мұны қарастырылған көп азаматтың өтініштерінің ішінен екеуін мысал ретінде келтіруге болады. 2014 жылы 3 шілдедегі Қылмыстық кодекстің мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай-ақ олардың шығу тегінің заңдылығымен расталған құжаттарсыз мұнайды қайта өңдеу үшін жауапкершілікті белгілейтін 1 9 7 - ба б ы н ы ң ( 2 0 2 3 ж ы л ы 1 8 мамырдағы №14 нормативтік қаулы) конституциялылығына тексеру жүргізілді. Көрсетілген құжаттардың, қолсұғушылық объектісінің және іс-әрекеттің жазалану шегі-нің з а ң н а м а л ы қ т ұ р ғ ы д а н н а қ т ы анықтамасының жоқтығын, заңдардың басқа нормаларымен бәсекелестігін атап өтіп, Конституциялық Сот қылмыстық заңның даулы ережелеріне түсінік берді. К о д е к с т і ң о с ы б а б ы н ы ң диспозициясында біз адамның аталған әрекеттерді жасауының заңдылығын көрсететін заңнамада реттелген құжаттар туралы айтып отырмыз. Қылмыстық заңның нормалары айқындық, сенімділік және біржақтылық та л а п та р ы н а ба р ы н ш а ж ауа п беруге тиіс, ал бланкеттік тұрғыда олардың элементтерін баяндау тиісті нормативтік-құқықтық актілерде нақты ашылуы керек. К о н с т и т у ц и я л ы қ те к с е руд е «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы заңның 13-бабының, 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 154-бабының жекелеген нормалары қарастырылды. Конституциялық Сот «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабын, егер мұндай шектеу конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адам құқықтары мен бос-тандықтарын, халықтың денсаулығы мен иманын сақтау мақсаттарына негізделмесе, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызмет бостандығы құқығын шектеуді белгілеу бөлігінде Конституцияның 26-бабының 4-тармағына және 39-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп таныды. Сондай-ақ Конституциялық Сот Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 154-бабын «Осы бапта көзделген іс-әрекетті жасағаны үшін әкім-шілік жауаптылық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу заңмен белгіленген жағдайларда туындайды» деген түсіндірмеде Конституцияның 2 6 - бабының 4-тармағына сәйкес келеді деп қаулы етті. Қазіргі таңда судьялар 20-дан аса өтініш негізінде заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық акті ережелерінің Конституцияға сәйкестігін тексеріп жатыр. Келіп түскен қалған жүзден аса өтініш судьялардың алдын ала зерделеуінде немесе «Конституциялық сот туралы» Конституциялық заң бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру сатысында. Жаңартылған Конституция жаһандық және аймақтық сынқатердің талаптарына жауап беретінін және елде болып жатқан саяси трансформация үдерістерінің негізі ретінде қызмет ететінін мойындау керек. Тұрақтылық, бірізділік, жүйелілік жағдайында заңнамалық, ғылыми және практикалық сипаттағы шаралар кешенін іске асыру арқылы Негізгі заңның жасампаздық әлеуетін нығайтуды жалғастыру қажет. Конституцияның үстемдігі елдің тұрақты дамуының кепілі болып қала береді. Өйткені Ата Заңның әр бабы әркімнің қадір-қасиетін, бостандығы мен әділдігін заңнамалық әрі тәжірибелік тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған. Еркін ОҢҒАРБАЕВ, Конституциялық Сот судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор