ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Мәселен, осы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 510,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұл былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,8 пайызды құраған. Ал тау-кен өндірісі саласында өндірілген өнім көлемі 60,3 миллиард теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 114,2 пайызды көрсетеді. Аталған саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 11,8 пайызға тең. Өнеркәсіптік өндірісті әртараптандырудың негізі және өңірдің басым саласына айналған өңдеу өнеркәсібінде де даму байқалады. Биыл 365,5 миллиард теңгеге өнім өндірілсе, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 108,2 пайызды құрайды. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы – 71,6 пайыз. Өңдеу саласының драйверлері қатарындағы минералды тыңайтқыштар өндірісі 3 есеге, натрий цианидінің өндірісі 17,1 пайызға, ірімшік және сүзбе 3,9 пайызға және аяқкиім өндірісі 19,4 пайызға өскен. Айта кету керек, өңдеу саласындағы 839 кәсіпорын бар. Онда 43,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорындарда өнім көлемінің ұлғаюымен қатар, өндірілген өнімдер сыртқы нарықтарға экспортталуда. Биылғы жылдың қаңтармамыр айларында облыс бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 81 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,4 пайызға артқан. Сондай-ақ сыртқы нарықтарға портландцемент, мұнай өнімдері, сары фосфор, минералды тыңайтқыштар, ферроқорытпа, натрий цианиді экспортталуда. А.БОЛАТҚЫЗЫ