ҚОРДАҒЫ ҚҰЖАТТАР САНДЫҚТАҒЫ АЛТЫНДАЙ САҚТАЛАДЫ
ҚОРДАҒЫ ҚҰЖАТТАР САНДЫҚТАҒЫ АЛТЫНДАЙ САҚТАЛАДЫ
Бүгінде 10 қор, 1 708 құжат сақтауға қабылданды. Ал пайдаланушыларға құжат беруде жыл басынан бері архив қоймасынан 3152 құжат берілді. Сондай-ақ жинақтау көзі болып табылатын 15 мекеменің құрылымында өзгерістер болуына байланысты істер номенклат урасына тиісті түзетулер жасалып, қайта бекітілді . Ведомстволық 8 мекеменің сараптау комиссиясының ережелері қайта бекітілді. Сонымен қатар «Ұйым архивінің жиынтық паспортын рәсімдеу» және «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжатайналым жүйелерін пайдалану» тақырыбында 3 семинар өтті. Ал жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша барлығы 2 834 өтініш орындалды. « Е - архив» ақпараттық жүйесіне енгізілген 120 қордың 38 348 сақтаулы құжаты ішінара тексеріліп, 36 қордың 6 құжатына «жеке құрам бойынша» белгісі қойылып, қайта түзетілді. «Е-архив» ақпараттық жүйесіне енгізу үшін 10 қор істеріндегі 59 құжаттың 146 парағына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ бұл қор істеріндегі 59 құжаттың 146 парағы «Е-архив» ақпараттық жүйесіне енгізілді, – деді Н.Серікбаев. Баяндамашының айтуынша, Тараз қаласы әкімдігінің 2007- 2011 жылдар аралығындағы тұрақтысақталаты н құжаттарынан 22 карточка жасалынып, ол 10 қордың тарихи анықтамасы, аннотациясымен бірге «Е-архив» ақпараттық жүйесіне енгізілген. Айта кету керек, Тараз қалалық мемлекеттік архиві тарапынан мемлекеттік сақтаудағы құжаттардың жағдайын тексеру, өңдеу, тігу, өңі кеткен мәтіндерді қалпына келтіру, аса құнды құжаттарды анықтау сияқты жұмыстар үздіксіз жүргізіліп тұрады. Шапағат Әбдір