Білім

Қазақстанда қанша ғалым еңбек етіп жүр

Қазақстанда қанша ғалым еңбек етіп жүр

– Қазіргі таңда Қазақстанда ғылым саласында еңбек ететін 22 мыңнан астам маман бар. «Бүгінде елімізде 22 456 ғылыми кадр бар. Бұл - өткен жылымен салыстырғанда 839 адамға көп. Зерттеушілердің 37 пайызы ғылыми және академиялық дәрежеге ие. Атап айтқанда, ғылым докторы – 1 743, ғылым кандидаты – 3 945, философия докторы (PhD) – 2 460 және бейіні бойынша доктор – 96 адам. Сондай-ақ, зерттеушілердің 46 пайызы немесе 10 327 адам – 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар. Ал, 31 пайызы немесе 6 950 адам - 41-54 жастағылар болса, 23 пайызы (5 179 адам) - 55 жастан асқан ғалымдар», - деп жазылған редакцияның сауалына жолдаған Ғылым және жоғары білім министрлігінің жауабында. Қоса кетсек, қазір ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер және ғылыми қызметкерлерге мемлекеттік бюджет есебінен төленетін қосымша  сомасын ұлғайту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұған қоса, ғалымдарға арналған  әлеуметтік жеңілдіктер пакеті әзірленеді. Дереккөз Qazaqakparat.kz