БРАЗИЛИЯМЕН БАРЫС-КЕЛІС АРТАДЫ
БРАЗИЛИЯМЕН БАРЫС-КЕЛІС АРТАДЫ
Іс-шараны Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі «InvestSP» Инвестицияларды ынталандыру агенттігімен және Сан-Паулу штатының әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырды. Отырыс барысында Қазақстаннан Бразилияға тауар жеткізуді ұлғайту мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстандық компаниялардың өкілдері баяндамалар жасап, бразилиялық компаниялармен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілі Ғалымжан Матаевтың Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, көлік бағыттары мен жеткізу тізбегін әртараптандыру туралы баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. «Дөңгелек үстел» соңында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «BGI Brazil» Экономикалық заңгерлер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар сапар барысында Қ.Омаров Ұлттық өнеркәсіптік конфедерацияның (CNI) вице-президенті Гилберто Петримен кездесіп, 2023 жылғы 13 сәуірде Астанада өткен Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің екінші отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Бразилия тарапы қазақстандық компаниялар үшін қызығушылық тудыруы мүмкін бірқатар жаңа жобаны ұсынды. Сапар соңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ.Омаров Сан-Паулудағы Қазақстанның бірінші Құрметті консулдығының ресми ашылу салтанатына қатысты. Іс-шараға Бразилияның мемлекеттік органдарының, қоғамдық-саяси және іскер топтарының, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.