Жаңалықтар

Қазақстан халқының қашан 20 млн-ға жететіні белгілі болды

Қазақстан халқының қашан 20 млн-ға жететіні белгілі болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы қашан 20 млн-ға жететінін мәлімдеді, «Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Үкіметке қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану міндеті жүктелетінін жеткізді. «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз», - деді президент.