Алғашқы қоңырау сыңғыры
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Салтанатты жиынды мектеп директоры Эльмира Қойлыбаева құттықтау сөзбен ашты. – Барша білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Әрбір оқушы жаңа Қазақстанды қалыптастыруға сапалы білімдерімен, саналы тәрбиесімен үлес қосса екен деп тілеймін. Осындау айулы мерекеде мектебіміздің жетістіктерімен бөліссем деймін. Білім ордасында 2 420 оқушы бар. Биылғы оқу жылында 236 оқушы 1-сыныпқа қабылданды. Сондай-ақ 158 мұғалім жұмыс істейді. Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында оқушыларымыз әрдайым биіктерден көрініп. Мектептің атын шығарып келеді. Біздің оқушыларымыз қай бағытта болса да белсенді, озат. Білім беру ісіндегі еңбегіміздің жемісі ретінде жақында өткен тамыз кеңесінде мектебіміз «үздік мектеп» атанып, 1 миллион теңгенің иегері атанды. Ендеше мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндеріміздің қадамдары нық болсын, болашақтары жарқын болсын. Болашақ мектебіміздің мақтаныштары болатындай дәрежеге жете берсін,-Э.Серікқызы. Мұнан соң мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған 1-сынып бүлдіршіндері мен 11 сыныптың үздік оқушылары «алғашқы қоңырау» рәсімін орындады. Мерекелік кеште өнерлі өрендер әннен тарту тартып, жырдан шашу шашты. Ақтоты ЖАҢАБАЙ