Шоқай ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Шоқай ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Аталған мектеп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектептердегі орын тапшылығын жою мақсатында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу тапсырмасы аясында салынған. Сондай-ақ 150 орындық мектеп ғимаратының ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысып, аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтың атынан мектеп ұжымына арналған нотбуктерді табыстап, сөз сөйледі. _ Қадірлі қауым бүгінгі білім күні құтты болсын! Білім күніне орай ашылып отырған мынау заманауи үлгідегі мектептен кешегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сияқты тұлғалар шыға берсін. Мемлекетіміз балалардың алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдайды жасай береді. Алда мұндай игілікті істер қарқынды түрде жалғасады,-деді Н. Календеров. Айта кету керек мектепте балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Кабинеттері соңғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталған. Әрі балалардың шығармашылықпен айналысуына да, кітап оқуына да мүмкіндіктер қарастырылған. Ал, мектептің ашылуына келген ауыл тұрғындарының да қуанышында шек жоқ. Сонымен қатар алғашқы қоңырау соғылып балалар жаңа білім ордасына алғашқы қадамдарын басты. Шапағат Әбдір