Білім

АЛЕКСИС МАРТИННІҢ IQ ДЕҢГЕЙІ 162 ШАМАСЫНДА

АЛЕКСИС МАРТИННІҢ IQ ДЕҢГЕЙІ 162 ШАМАСЫНДА

Американың Аризона штатындағы Квин-Крик қаласында туған Алексис Мартин есімді үш жасар қыз планетадағы ең ақылды балалардың бірі. Оның IQ деңгейі 162 шамасында.

Дәлірек айтсақ, Алексис сынақты өте тез тапсырғандықтан мамандар есептей алмады. Алексис бір жасынан бастап ата-анасы айтқан ертегілерді қайталай біледі. Қазіргі уақытта ол «iPad» құрылғысы арқылы испан тілін өздігінен үйреніп алды. Қыз 5 жасар балаларға арналған кітаптарды оқиды.