Ата Заң күні аталып өтті
Ата Заң күні аталып өтті
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы алғаш рет Ата Заңымызды қабылдасақ, араға 2 жыл салып, яғни, 1995 жылдың 30 тамызында жаңа Конституциямыз күшіне енді. Ал, өткен жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен республикалық референдум өтті. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең үлкен саяси оқиғаның бірегейі еді. Жалпы, Президент ұсынған мемлекетіміздің негізгі Заңына түзетулер енгізу бастамасы саяси-құқықтық саланы жетілдіруге, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталды. Егемен еліміз үшін айтулы күнге орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында сотталған азаматтар бұқаралық спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынасты. Нақтылай түссек, бұл күні арнайы контингент өкілдері волейбол, кіші футбол, арқан тарту және шахмат сынды спорттың бірнеше түрінен кім мықтыны анықтады. Айта кетейік, мұндай шаралар сотты болғандардың қоғаммен байланысын арттыруына өз септігін тигізері сөзсіз.