ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНБЫЗ БА?
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНБЫЗ БА?
– Облыста білім саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Былтыр білім саласына 244,1 миллиард теңге қарастырылса, биыл 284,8 миллиард теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артты. Қазіргі таңда 25 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 9 мектеп пен 5 мектептің жапсарлас құрылысы пайдалануға беріледі. Ал 11 нысан құрылысы келесі жылы аяқталады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын 12 мектептің 7-еуінің құрылысы биыл басталса, 5-еуі келесі жылы басталмақ. Бұдан бөлек, 4,4 миллиард теңгеге 17 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Ал бүгінге дейін Тараз қаласындағы «Мейiрiм» мектеп-интернатының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған 3 мектепте жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мемлекеттік сараптамадағы белгіленген мерзіміне сәйкес осы жылдың қазан-желтоқсан айларында аяқталып, пайдалануға беріледі, – деді Н.Календеров. Сонымен қатар баяндамашы облыста үш аусымды – 4, апатты жағдайдағы – 3, оқушы орнынының тапшылығы бар 2 мектеп бар екенін атап өтті. Бұдан бөлек, білім нысандарының жылыту маусымына 90 пайыз дайын екендігін жеткізген Нұржан Сәбитұлы «Мектепке жол» акциясына да тоқталды. – «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы биыл 1 тамыздан бастап «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізілуде. Акцияны өткізу 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл бойынша аудандар мен Тараз қаласында 2023 жылғы 29 шілдеден бастап орталық алаңдар мен саябақтарда, сауда орталықтарында жәрмеңкелер ұйымдастырылып жатыр. Мектеп жәрмеңкелерін өткізу 26 тамызға дейін жалғасты. Акция аясында 1-28 тамыз аралығында жекелеген санаттағы 2 130 балаға 68 миллион 377 мың теңгеге демеушілер есебінен көмек көрсетілді. Сонымен қатар биыл жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасылардан шыққан 49 137 оқушыны әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 6,1 миллиард теңге бөлінді. Балаларды киім-кешек және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге өткен жылы әр балаға 37 389 теңгеден қарастырылса, биыл әр балаға 40 567 теңгеден бөлініп, ата-аналардың жеке шоттарына аударылуда. Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап барлық 1-4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Оған облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Ал мектепке дейінгі ұйымдардағы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 11 326 баланы биыл 1 қыркүйектен бастап тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 425 678 мың теңге қарастырылды, – деген Нұржан Сәбитұлы «Мейірім» жобасы аясында 96 мекеме 137 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға әлеуметтік қолдау көрсеткенін жеткізді. Жоба аясында 1 331 баланың «Отбасы банкінде» ашылған шоттарына бекітілген мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар 65 миллион теңгеден аса қаржы аударған. Ал оқулық сатып алуға биыл 3,1 миллиард теңге қаржы бөлініп, оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілетін болады. Шапағат ӘБДІР