Қоғам

Онлайн қызмет алу оңтайланып келеді

Онлайн қызмет алу оңтайланып келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта оңай алуға болатындай қылып әзірлеу бойынша нақты тапсырма берілген болатын. Онлайн қызмет алудың басты платформасы ол Электрондық үкімет порталы және eGov mobilе қосымшасы.

Елімізде пандемия басталған уақытта көп мемекеттік қызмет түрлері онлайн форматта өтетіні бойынша халық жақсы ақпарат алды. Бүгінде портал және қосымша күнделікті жетілдіріліп дамытылып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта көрсету мүмкіндігін екінші деңгейлі банктер өз қосымшалары арқылы жүзеге асатындай қылып әзірледі. Алғашқылардың бірі болып Halyk Homebank пен Kaspi.kz мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға кірісіп кетті. Нақтырақ айтқанда, цифрлы құжаттар және бала босанғанда бір реттік төленетін жәрдемақы деген сияқты мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Және де әр қызмет бойынша нақты нұсқаулық негізінде барлық жұмысты үйден шықпай-ақ жасауға болады. Енді сіз үйде отырып туу туралы куәлікке және Halyk Bank пен Kaspi.kz секілді танымал банктік қосымшалар арқылы жаңа туған нәрестеге жәрдемақы алуға өтініш бере аласыз. Тараз қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде онлайн халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында халық көп шоғырланатын жерлерге және мемлекеттік мекемелерге оқыту жұмыстары жүргізіліп келеді. Ол бойынша да біраз азамат керекті қосымшаларды қалай қолдануға болатыны туралы мәлімет алып, қолдану тәртібін үйренуде. Онлайн болу оңай, барлығы қолжетімді.

Еркін ЖАПАРОВ, Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №2 бөлімінің басшысы