Жамбыл облысында 57 мың гектар аумақта су үнемдеу технологиялары қолданылуда
Жамбыл облысында 57 мың гектар аумақта су үнемдеу технологиялары қолданылуда
Бұл жолы аймақ басшысы Талас ауданы Қаратау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Басқосуға құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Қаратаулықтар елді мекендегі көшелерді жөндеу, ауылға келетін жолды асфальттау, спорт кешенін салу, жедел жәрдем көлігінің ескіргенін, “Ауыл аманаты” жобасына ену, газдандыру, сапасыз жүргізілген ауыз су жүйелерін реттеу, суармалы су секілді бірқатар мәселелерді көтерді. Нұржан Нұржігітов сұрақтарға облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып жауап беріп, барлық көтерілген мәселелер ескерілетіндігін жеткізді. Ауылдық округте 8 көше бар десек, оның екеуі жөнделген. Қалған 6 көше мен ауылға келетін 11 шақырым жолды келер жылы асфальттау жоспарлануда. Сондай-ақ, “Ауыл аманаты” жобасы бойынша ауылдықтарды несиелендіру шаралары 2024 жылы басталады деп күтілуде. Облыс әкімі жауаптыларға ауыз су жүйесін уақыт созбай реттеуді тапсырды. Сурмалы су мәселесін шешуге қатысты бөгетті көтеру, шағын қойманы тазалау бойынша да тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.
Кездесуден кейін аймақ басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.