Спорт

АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Спорт күні мерекесіне орай Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығында аудандық спартакиада ұйымдастырылды. Спартакиаданың ашылуында сөз алған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы спорттың елдің беделін көтеретін сала екенін тілге тиек етті.

– Ауданымызда спортқа ден қойған азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. Соның бір айғағы – ауданымызда денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны 35 мыңға жетуі. Өңірде бұқаралық спортты дамытуға үлкен мән беріліп, 172 спорт нысаны жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Биыл Сұлутөр ауылында спорт кешені пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 4 елді мекенде спорт кешендері ел игілігіне беріледі, – деген Ерлан Қыдыралыұлы спорт саласында жоғары көрсеткіштер мен жемісті еңбек еткен бірқатар азаматты Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттады. Күні бойы жалғасқан спартакиада нәтижесі бойынша жеңімпаз болғандар мен жүлдегерлер де тиісті марапаттарына ие болды. «AR-AI»-ақпарат