ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ
ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ
«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Талас ауданының аумағында құрамында есірткі заты бар өсімдіктің егілгені анықталды. Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің бақшасында 22 келі 200 грамм өсірілген қарасора, сондай-ақ жалпы салмағы 138 грамм 500 миллиграмм болатын «кептірілген марихуана» табылып, тәркіленді. – Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сұрыптарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.