16 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСАҒАН
16 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСАҒАН
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, облыс орталығының 26 жастағы жұмыссыз тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе осы құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.