Жаңалықтар

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ – СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ ЕМЕС»

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ – СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ ЕМЕС»

Талас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаровтың қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу – сыбайластықтың көрінісі емес» тақырыбында семинар өтті.

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков әкімдікке қарасты бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері, сондай-ақ жауапты қызметкерлері үшін ұйымдастырылған басқосуда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның өзектілігі туралы айтып, ұйымдастырылған шараның мақсатына тоқталды. Семинар барысында департаменттің бас маманы Айбек Әжібаев сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы айтып, заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер аясында баяндама жасады. Сонымен қатар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның өзекті мәселелері бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Е.Нұрадинов баяндама жасады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Асемов өз кезегінде сыбайлас жемқорлық қоғам дерті екенін тілге тиек етіп, мемлекеттік қызметшілерді заңсыз әрекеттерге бармауға шақырды. Одан бөлек республика аумағында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша жемқорлық тәуекелдері жоғары деп көрсетілген бірқатар сала мамандарымен, атап айтар болсақ, Талас аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен, аудандық білім беру мекемелерінің басшылық құрамымен, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен кездесулер өткізіліп, қоғам дерті болып табылатын жемқорлыққа тосқауыл қоюдың маңыздылығы туралы айтылды. «AR-AI»-ақпарат