Спорт

Олжалы өткен онкүндік

Олжалы өткен онкүндік

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Балалар жылы» аясында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Дене тәрбиесі» циклдық әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен «Спорт – денсаулық кепілі» атты іс-шаралар онкүндігі өтті.

Онкүндік аясында колледж студенттеріне «JastarSportFest» бөлімаралық жарысы, асық ату, бес тас, арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, қол күресі, үстел тенисі, кермеде тартылу, шалқалап жатып денені көтеріп түсіру, зияткерлік ойындар (шахмат, дойбы тоғызқұмалақ), кіші футбол секілді ойын түрлерінен жарыстар болды. Сонымен қатар колледжіміздің 2019 жылғы түлегі, кигбокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айман Махатқызымен мотивациялық кездесу өтті. ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығы мен Жеңістің 77 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс жасасын!» атты 1-курс студенттері арасында әскерилендірілген кросс және эстафета ойындары өткізілді. Аталмыш эстафетаға колледж бойынша 11 команда қатысты. Үздік шыққан жеңімпаздар марапатталды.

Б.СЕИТОВА, ЖПЖК «Дене тәрбиесі, АӘД және өзін-өзі тану» ЦӘК төрайымы