Жаңалықтар

«Шәкен шыңы»

«Шәкен шыңы»

Жамбыл ауданының 95 жылдығы мен ҚР Мемлекеттік Туының авторы Ш.Ниязбековтің 85 жылдығына орай Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Жамбыл облысының альпинизм федерациясы және «Геккон» спорттық-туристік клубының қолдауымен «Шәкен шыңы» атты спорттық-туристік альпиниадасы өткізілді.

12 адамнан тұратын альпинистік топ Т.Рысқұлов ауданы арқылы Қырғыз Алатауының батысында орналасқан биіктігі 3 500 метрді құрайтын «Жарлысу тауы» шыңының маңына келіп тоқтады. Топқа қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, бағыт-бағдар берілді. 20 тамыз күні сағат 14:30-дар шамасында альпинистік топ толығымен «Жарлысу тауының» шыңын бағындырып, атауы жоқ шың «Шәкен Ниязбеков шыңы» деп аталды. Альпиниада соңында шың бағындыруға қатысқан 5 адамға Алғыс хат табысталды. Альпиниада мақсаты – жастарды тау спортына тарту, елімізде туризм саласын дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, отансүйгіштікке баулу және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.