Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталуы керек

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталуы керек

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар жоба қаралды.

Атап айтсақ, «TB Alloys Kazakh Limited» ЖШС-ның бас директоры Лалу Абинештің «Ферросилиций өндірісі» бойынша инвестициялық жобасын жүзеге асыруда кездесіп отырған инфрақұрылымға қатысты біраз мәселе көтерді. Ал «Sayazhay» ЖШС-ның бас директоры Ғалымжан Шалатаев «BauyrSaq» – жол бойындағы қызмет көрсету бойынша инвестициялық жобасын ұсынды. Ол жаңа үлгідегі заманауи жол бойындағы сервистік нысандарын облыстың бірнеше жерінен салуға ниетті екендігін білдірді. Сондай-ақ Фархад Фазылов жеке кәсіпкерлігі «Пышка» кондитерлік жобасын кеңейтуге қатысты өтініштерін жеткізді. Басқосуда өзге де жобалар таныстырылды. Облыс әкімі аймақ үшін тиімді жобаларға жергілікті билік заң аясында, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қажетті қолдау шараларын барынша көрсететінін жеткізді. Жауапты тұлғаларға кейбір мәселелердің шешу мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру бойынша тапсырмалар жүктеді. Нұржан Нұржігітов инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтуға бағытталу керектігін атап өтті. Облыс әкімінің баспасөз қызметі