Облыс әкімінің өкімімен Сандуғаш Ермаханқызы Абдралиева облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Облыс әкімінің өкімімен Сандуғаш Ермаханқызы Абдралиева облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сандуғаш Ермаханқызы 1981 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданында туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік муниципалдық басқару», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы экономика және статистика институтының Жамбылдағы филиалының әдіскері болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігі экономика басқармасының жетекші маманы, бас маманы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2014 жылғы қаңтардан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.