Заң

Шу ауданында пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер учаскесі заңсыз берілген

Шу ауданында пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер учаскесі заңсыз берілген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті ағымдағы жылы жер қойнауын пайдалану саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер учаскесін заңсыз беру дерегі анықтады. Шу ауданының бұрынғы лауазымды тұлғалар тиісті функцияларының болмастығына қарамастан әкімдіктің 2021 жылғы 3 шілдедегі №302 қаулысымен «Медео» ЖШС 18 жыл мерзімге құм-қиыршық тас қоспасын өндіру үшін ауданы 1,69 га жер учаскесіне жер пайдалану құқығын берген. Департаменттің араласуынан кейін Шу ауданы әкімдігі аталған жер учаскесі мемлекет иелігіне қайтарды. Сондай-ақ, мониторинг барысында Жамбыл облысының 18 су нысаны бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату бойынша тиісті жобалар әзірленгені анықталды. Алайда, жергілікті атқарушы орган белгісіз себептермен бүгінгі күнге дейін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілемеген. Осылайша, Департамент жоғарыда аталған объект бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы ұсыныс енгізді. Қазіргі уақытта әкімдік тиісті жұмыстар жүргізуде. Аталған мән-жайлар жер қойнауын пайдаланушылардың су қорғау белдеулерін жолын кесу, сондай-ақ бассейндік инспекцияның келісімінсіз жер қойнауын өндіруді жүзеге асыру түріндегі экологиялық залалға және өзен арнасының өзгеруіне алып келді.