Білім

Біліктілікті арттыру курстары өтуде

Біліктілікті арттыру курстары өтуде

Жастар – маңызды әлеуетті салмаққа ие және халықтың қоғамдық белсенді топтарының бірі. Елімізде жастардың идеясын қолдау, көмек көрсету үшін жастарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Биыл «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар осы жылдың 28 ақпанында күшіне еніп, Заңға «Жастармен жұмыс жөніндегі маман» деген ұғым кіргізілген болатын. Осы орайда жергілікті жерде жастармен жұмысты үйлестіруде жастар ресурстық орталықтарындағы жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың рөлі артпақ. Жастардың мұңы мен мәселесін тыңдап, олармен етене жұмыс жүргізу және бағыт-бағдар беру үшін арнайы біліктілік пен атқарып отырған қызметтің кәсібилігін талап етеді. Осыған байланысты жақында жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқыту курсы басталды. Оқыту бағдарламасы аясында өңірдегі барлық жастар ресурстық орталығында жұмысқа жаңадан кірген, ауылдық округтерде жұмыс істейтін және психолог, заңгер мамандар іріктелініп алынды. Оқыту бағдарламасы 3 күнге арналған және жастармен жұмыс жөніндегі мамандар үшін 10-ға жуық бағытта біліктіліктерін арттыру сағаттары бекітілді. Биылғы курстың тағы бір ерекшелігі, кәсіби деңгейде дәріс беру үшін арнайы Астана қаласынан UNICEF-тің сертификатталған тәжірибелі лекторлары шақырылып отыр. Сонымен қатар «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы әзірлеген әдістемелік құралдар дайындалып, қатысушыларға жұмыста пайдалану үшін берілді. Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі