Құжаттарды электрондық нысанға алмастыру – уақыт талабы
Құжаттарды электрондық нысанға алмастыру – уақыт талабы
Бүгін Жамбыл аудандық сотында құжаттарды кезең-кезеңімен электрондық форматқа көшіру жөнінде дөңгелек үстел өтті. Бұл басқосуға өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Бағдат Байтуреев пен мекеменің арнайы есеп тобының инспекторы Арайлым Сәттібаев арнайы қатысты. Жиын барысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде құжаттарды кезең-кезеңімен электрондық форматқа көшіру жөнінде пікір айтылды. Айта кетейік, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының 4 бағыты бар. Аталған бағдарламаның үшінші бағыты мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыруды көздейді.