Жаңалықтар

СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫН «HALYK HOMEBANK» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫН «HALYK HOMEBANK» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

ҚР Әділет министрлігінің қолдауымен «Halyk Homebank» мобильді қосымшасымен ЖШС басшысын онлайнауыстыру туралы өтінім беру мүмкіндігі пайда болды.

Қызмет жалғыз құрылтайшысы бар ЖШС басшысы лауазымына тағайындалатын клиенттер үшін қолжетімді. ЖШС басшысының ауысуы туралы хабарлама беру үшін «Halyk Homebank» қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде өтінім беру, компанияның БСН-ін енгізу, өтінімдегі барлық жолдарды толтыру (ЖШС деректемелері, тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні) және құрылтайшыға келісуге жіберу жеткілікті. Өтінімді құрылтайшы келіскеннен кейін өтінім автоматты түрде «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына тіркеуге жіберіледі. «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорындағы өтінімді сәтті өңдеу және деректердің өзгеруі туралы нәтиже ЖШС-ның жаңа басшысына және құрылтайшысына жіберіледі. «Бүгінгі таңда Әділет министрлігінің 53 мемлекеттік қызметі толығымен электрондық форматқа көшірілді. Оның 32-сі мобильді қосымшаларда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», деді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков. «Екі жылдан астам уақыт бойы «Halyk» командасы мемлекеттік қызметтерді тұтынуды кез келген азамат үшін ыңғайлы және қолжетімді ету мақсатына қол жеткізу үшін Әділет министрлігімен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Мысалы, бұл қызмет пайдаланушыларға «Halyk» қосымшасында заңды тұлға басшысының лауазымын «қағаз» жүзінде келісуден толық цифрлық қашықтықтан сервиске көшуге мүмкіндік береді», деді Банк басқармасы төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда «Halyk» цифрлық экожүйесі клиенттерге өз қосымшасында 35-тен астам мемлекеттік қызмет пен сервистерді ұсынады. Әділет министрлігімен ынтымақтастықта мынадай қызметтер де іске асырылды: заң туралы 7 мәлімет, неке қиюды тіркеу, жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер, туу туралы куәлік беру.

Т.БЕРІКБАЙҰЛЫ