денешынықтырумен айналысатын ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ
денешынықтырумен айналысатын ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ
Спортпен шұғылданатын мүгедектігі бар адамдардың саны бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр. Аталған аймақта ерекше қажеттіліктері бар 5 687 адам спортпен тұрақты түрде айналысады екен. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (4 997 адам) және Астана қаласы (4 514 адам) тұр. Үздік бестікті Түркістан (4 298 адам) және Жамбыл (4 057 адам) облыстары түйіндеген. Айта кетелік, ең қарқынды өсім елордада тіркеліпті. 3 жыл ішінде ерекше қажеттіліктері бар спортпен шұғылданушылардың саны 3 232 адамға көбейген. Екінші орында – ШҚО (+1 585 адам), үшінші орында – Қостанай облысы (+1 295 адам). Сондай-ақ Жамбыл облысында 668 адамға, Түркістанда 659 адамға артқан. «Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың денешынықтырумен айналысуына жағдай жасамай, бұқаралық спортты дамыту мүмкін емес. Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 15 спорт клубы мен 3 мектеп, сондай-ақ Алматы облысында спортты дамыту дирекциясы жұмыс істейді. Біз спорттық инфрақұрылымды қолжетімді етуге ниеттіміз. Сондықтан қазір еліміздің барлық өңірінде 113 жаңадан спорт нысанын салу бойынша жұмыс жүріп жатыр», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.