Спорт күніндегі спартиакада
Спорт күніндегі спартиакада
Спорт күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері арасында қол күресі, масрестлинг, гір тасын көтеру, арқан тарту және кіші футбол спорт түрлері бойынша спартакиада өтті. Спорттық іс-шара «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында ұйымдастырылған. Спартакиадаға 100-ден астам адам қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубок, медаль, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.