Жаңалықтар

Нұржан Нұржігітов «Жамбыл ГРЭС» АҚ-ның жұмысымен танысты

Нұржан Нұржігітов «Жамбыл ГРЭС» АҚ-ның жұмысымен танысты

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов елдің оңтүстік өңірін электр қуатымен қамтамасыз ететін «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ-да болып, қызметімен танысты.

Станцияда жалпы қуаты 1230 МВт болатын алты энергия блогы орнатылған. Мұндағы жабдықтардың тозу деңгейі 30,4 пайызды құрайды. Бас директор Александр Фурса жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 25 пайызға дейін төмендету жоспарланып отырғандығын атап өтті. Қазіргі таңда №5 энергия блогы күрделі жөндеуден, №1 энергия блогы ағымдағы жөндеуден өтуде. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарының барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Облыс  әкімі «Қазсушар» облыстық филиалының басшылығына су беруге қатысты мәселелерді шешуді тапсырды. Экологиялық заңнаманы сақтау мәселелеріне де айрықша назар аударылды. Нұржан Нұржігітов жыл сайынғы жалақыны көтеру, еңбек жағдайларын жақсарту, ұжымдық шарт бойынша әлеуметтік міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атап өтті. Кәсіпорында 578 адам жұмыс істейді десек, орташа жалақы 409 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жалақы 20 пайызға көтерілді. Александр Фурса кадр тапшылығы мәселесі шешілгенін жеткізді.