Дін

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАтер

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАтер

ХХІ ғасырдағы әлем халықтарының күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі – діни экстремизм және терроризм. Өкінішке қарай, аталған мәселе біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Соңғы онжылдық ішінде діни ағымдар туралы көп айтыла бастады. Әртүрлі экстремистік және террористік ұйымдар пайда болып, жаһандық қауіпсіздік үшін ең үлкен қатердің бірі болып отыр. Жалпы Кеңес үкіметінің кезінде атеистік ұстаным болатын. Бірақ ол кездері қоғам діни экстремистік әрекеттерге бой алдыртпады. Ал қазіргі біздің зайырлы демократиялық елімізде дәстүрлі емес діндердің көбейіп кетуі және де экстремистік ағымдардың белең алуы мемлекеттегі әр азаматты ойландырып жүрген мәселелердің бірі. Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің зорлықпен, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизмнің кең мағынасындағы ұғымы – мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру. Діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қаупін екіге бөліп қарастырсақ болады. Яғни қоғам мен мемлекетке аса ауыр психологиялық және материалдық шығын әкелуі, азаматтық өшпенділікті немесе алауыздықты тұтатуы, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгертуді және оның аумақтық тұтастығын бұзуды мақсат ететін бірқатар заңсыз қарулы құрылымдардың қызмет етуі. Діни экстремизмнің қылмыстық көріністерінің салдары бірден байқалмауы да немесе ұзақ мерзімдік зардаптар әкелуі де мүмкін. Осыған байланысты қоғамдағы бейбітшілікке сызат түсуі ықтимал. Халық тек үрей мен қорқыныш құшағында жүріп, бір-бірінен қорқу мен күдіктену орын алады. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан мұсылмандарға деген көзқарас өзгеріп, барлығы жауыз ретінде көрінеді. Бұл әрекеттің барлығына тек діни экстремистік топтардың әсері себеп болып отыр. Мұндай тұрақтылығымызды жоғалтпауымыздың дұрыс жолы – діни сауатты болу және интернет желісін пайдалануда абай болу. Шапағат БАТЫРХАН, облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Қордай ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы