СОЛТҮСТІК МАКЕДОНИЯҒА ВИЗАСЫЗ ҚАТЫНАУЫмыз МҮМКІН
СОЛТҮСТІК МАКЕДОНИЯҒА ВИЗАСЫЗ ҚАТЫНАУЫмыз МҮМКІН
Тараптар ЕҚЫҰ кеңістігіндегі және Ұйым ішіндегі саяси ахуалды талқылады. Қатысушы мемлекеттер арасындағы сенім мен сындарлы диалогты қалпына келтірудің ықтимал жолдары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар Б.Османи ЕҚЫҰ-дағы Солтүстік Македонияның басымдықтары туралы баяндап, Ұйымның одан әрі дамуына қатысты Іс басындағы төрағалық туралы көзқарасымен бөлісті. Сондай-ақ министр 2010 жылғы Астана декларациясында, әсіресе ортақ және бөлінбейтін еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын құру бөлігінде бекітілген мақсаттар мен міндеттердің өзектілігін атап өтті. М.Нұртілеу Ұйымның ЕҚЫҰ кеңістігіндегі дағдарыс жағдайларды реттеу үшін маңызды келіссөздер алаңы ретіндегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстан ЕҚЫҰ-ны нығайтуға өз үлесін қосуды және іс басындағы төрағалыққа одан әрі жәрдемдесуді жалғастыратынын растады. Атап айтқанда, тараптар халықаралық терроризм мен экстремизмге, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес, шекаралық қауіпсіздік сияқты мәселелер бойынша өзара іс-қимылды әңгіме арқауына айналдырды. Кездесудің жеке тақырыбы ағымдағы жылдың соңында Скопье қаласында өтетін ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысына дайындық болды. Солтүстік Македониямен серіктестік аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттарын (көлік, логистика, ауылшаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және туризм) талқылады. Қазақстан мен Солтүстік Македонияның теңізге шығатын жолы жоқ екенін ескере отырып, екі ел жаңа сауда бағыттарын дамытуға мүдделілігін растады. Келіссөздердің басым бағыттарының бірі – екі елдің азаматтары үшін визалық талаптардан босату туралы екіжақты келісімге қол қою мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ Астана мен Скопьенің ішкі және сыртқы саяси тәсілдерін біріктіретін этносаралық және дінаралық ынтымақты ілгерілету болды. Келіссөздер соңында министрлер екіжақты және аймақтық алаңдарда тұрақты диалог жүргізуге келісті. Айта кетейік, қазақстандық кедендік статистика деректері бойынша, 2022 жылы ҚР мен Солтүстік Македония арасындағы сауда айналымы 9,3 миллион АҚШ долларына жетті (экспорт – 7,3 миллион, импорт – 2 миллион). Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 5,5 есе асып түсті.