Өрнекте мәдениет үйі ашылды
Өрнекте мәдениет үйі ашылды
Отан қорғаушылар күнінде Жамбыл ауданының Өрнек ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Өрнектіктерді қуантқан жаңа нысан 140 орындық. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров арнайы келіп, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Нұржан Сәбитұлы өнер ордасының кабинеттерін аралап, көпшілікпен бірге мерекеге орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады. Мәдениет үйінің құрылысын жүргізген «Жаңа-Кемер құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанның еңсе тіктеуіне 210 миллион теңге қаражат жұмсаған. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, ауданда 4 мәдениет үйі және 10 ауылдық клуб тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жаңа өнер ордасында бірқатар үйірмелер ашылған.
Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,
Жамбыл ауданы