ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ АЛАРДА НЕНІ ЕСКЕРГЕН ЖӨН?
ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ АЛАРДА НЕНІ ЕСКЕРГЕН ЖӨН?
Бағила АМАНЖОЛОВА, Тараз қаласының тұрғыны
– Құрамында шамадан тыс нитраттар көп мөлшерде кездесетін ауылшаруашылық өнімдерінің адам ағзасына тигізер зияны көп. Сондықтан қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтаған жөн. Біріншіден, қарбызды жемес бұрын сыртын жақсылап жуып, суық суға жарты сағатқа салып қою керек. Екіншіден, қарбыздың қабығының жанындағы мәйегін жемеңіз. Өйткені онда нитраттар ең көп мөлшерде жиналады. Үшіншіден, қарбыздың құрамында нитрат бар-жоғын тексеріңіз. Сол себепті жемес бұрын алдымен мәйегінен кесіп алып, бір стақан суға салып қойыңыз. Егер су лайланудың орнына қызғылт түске айналса, онда құрамында нитраттар көп екенін білдіреді. Төртіншіден, қарбыз немесе қауын сатып аларда сыртының сызатсыз, бүтін болуына назар аударыңыз. Себебі жемістерді тасымалдау кезінде жиі лақтырады. Ал қабығының жарығы арқылы бактериялар ішіне кіріп кетуі мүмкін. Ал ұрылған жерлері көбінесе қарбыздың мәйегінің қышқылдануына әкеледі. Бесіншіден, жеміс-жидектердің піскенін тексеру үшін ешқашан кесіп алмаңыз. Өйткені көп жағдайда лас пышақтар қолданылып, салдарынан жеміс мәйегіне ішек инфекцияларының қоздырғыштары түсіп, бактерия жұқтыру қаупі туындауы мүмкін. Алтыншыдан, жемісті келесі күнге қалдырмай бірден жеп қойыңыз. Егер қарбыз немесе қауын желінбей қалса, кесілген бөлігін тағамға арналған пленкамен жауып, тоңазытқышқа шикі азық-түліктен (мысалы, жұмыртқа, шикі ет) бөлек қою қажет. Сонымен қатар жемістің мәйегін қабығына дейін жемеген дұрыс. Қарбыздағы нитраттар біркелкі бөлінбейді. Нигранттар қабығы мен жеміс сабағына көбірек жақын болады. Сондықтан балаларға жемістің ортасындағы мәйегін берген дұрыс. Сондай-ақ бақша дақылдарын ашық базарлардан сатып алудың қажеті жоқ. Сату нүктесі шатыр астында болуы керек. Онда қарбыз бен қауын биіктігі кемінде 20 сантиметр болатын арнайы түпқоймаларда сақталғаны жөн. Жол бойынан да сатып алмаңыз. Өйткені жиналғаннан кейін қарбыз «дем алуды» жалғастырады. Сондықтан автомобиль шығаратын газдарда кездесетін ауыр металдарды бойына тез жинайды.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі