Әлеумет

Жамбылдық балғындар Астанаға саяхаттады

Жамбылдық балғындар Астанаға саяхаттады

Астана қаласының 25 жылдығына орай облыстың 50 оқушысы жетекшілерімен бірге Астана қаласына 3 күндік экскурсияға барып қайтты. Экскурсия барысында оқушыларға бас қаланың көрікті жерлері таныстырылды. Демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізіп жатқан бүлдіршіндер үйлеріне ерекше көңіл күйде, бөлек әсермен оралды деген сенімдеміз. Айта кетейік, аталған экскурсияға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары қатыстырылды.