Әлеумет

Тағы да қару-жарақ табылды

Тағы да қару-жарақ табылды

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуіп жатқаны белгілі. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында 20 қару, 3 граната, бірнеше патрон, оқ-дәрі, полиция шлемдерін, тізе төсегіштер мен газтұтқыштар тауып тәркіледі. Табылған қарауылдардың ішінде үш «Калашников» автоматы, екі «Макаров» тапаншасы, «Сайга» маркалы мылтық, тегіс ұңғылы мылтықтар мен револьвер, травматикалық тапанша, кесілген тегіс ұңғылы мылтық, газды және жарық-шулы гранаталар, автомат пен тапаншадан жасалған қару магазині, түрлі калибрлі 363 патрон бар. Қауіпті қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Аталған департамент қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқықбұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі. Ал қылмыс жасағандарға мүлкін тәркілеу, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Танысын сан соқтырды Шу ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзінің танысы алдап, банк қосымшасы арқылы 1 миллион теңге көлемінде несие ресімдегені туралы шағымданған. Бір аптадан кейін сол полиция бөліміне 25 жастағы әйел де осындай мәтінде шағым түсірген. Ол күйеуінің досы смартфонындағы банк қосымшасы арқылы 956 000 теңге көлемінде тауарлық кредит ресімдегенін хабарлады. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және тергеу барысында Шу ауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындады, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Телефон ұрлығы тыйылмай тұр Тараз қаласы полиция басқармасының «102» нөміріне қала тұрғынынан қоғамдық №8 автобуста ұялы телефонының жоғалғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына камауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) тергеп-тексеру басталды. Күдіктінің қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысатыны анықталды, тергеу амалдары жүргізілуде. Тараз қалалық полиция басқармасы тұрғындарға қоғамдық көліктерде құнды заттарына мұқият болуды ескертеді.

А.Бекенқызы