«Threads» пен «Twitter»-дің тартысы
«Threads» пен «Twitter»-дің тартысы
«Threads» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жіп» деген мағынаны білдіреді. Бұл – микроблогиң мен әлеуметтік желі сервисі. «Facebook» және «Instagram»-ның бас компаниясына тиесілі. Аталған әлеуметтік желі «Instagram»-мен тікелей байланысты. Сонымен қатар бағдарлама авторлары «Fediverse» атты әлеуметтік желіні әзірлемек. «Threads» пайдаланушылары «Fediverse» жүйесіне жазылған әлеуметтік желідегі аккаунттарға еш қиындықсыз жазыла алады. «Threads» әлеуметтік желісіне қолданушылар 16 жастан бастап тіркеле алады. Бірақ ол үшін сізде міндетті түрде «Instagram» аккаунтыңыз болуы қажет. Егер бұл әлеуметтік желіге тіркелмеген болсаңыз, онда жаңа аккаунт ашасыз. Бір ерекшелігі, екі желіде де никнейм (аккаунт атауы) бірдей болады. «Threads»-те ұзындығы 500 таңбаға дейін хабарламалар, бес минутқа дейін фотосуреттер мен бейнелер қалдыруға болады. Әлеуметтік желіге тіркелу үшін бірнеше шартты орындасаңыз жеткілікті: • Профильдің жүргізілу типі – жалпыға ортақ немесе жабық; • Өзіңіз туралы ақпаратты толтырыңыз; • «Instagram»-нан таныс пайдаланушыларға жазылыңыз. Әлеуметтік желіні қолданушы өзі жазылған аккаунттардың посттары мен суреттерін арнайы батырманы басу арқылы бақылап отыра алады. «Threads»-тегі жазбаңызды «Instagram» парақшасындағы «stories»-інде немесе кез келген басқа платформадағы сілтемеде бөлісуге болады. Сонымен қатар өз жазбаңызды басқа адамдардан жасыруға да болады. Айта кету керек, «Instagram»-да қолжетімді инклюзивті мүмкіндіктер бұл желіде де қолжетімді.