Заңды бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Заңды бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Автопатруль экипажының инспекторлары жүргізушіден көлікті тоқтатуды талап еткен, алайда ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, Алматы қаласы бағытында үлкен жылдамдықпен көлігін басқаруды жалғастырған. Облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының взвод командирі Серғазы Әбдіқұловтың сөзінше, заңға бағынбаған азамат Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны екен. Оқиға орнында оның көлік құралын басқару құқығынсыз көлік жүргізгені анықталды. – Тәртіп бұзушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 3-бөлігі (Көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығының сағатына қырық және одан да көп шақырым мөлшеріне артуы), ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 1-бөлігі (Ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамау), ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 276 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді С.Әбдіқұлов. Автокөлік бірден айыптұраққа қойылды.