Хух-Хото қаласынан келген делегация мүшелері "Энерджи Тараз" ЖШС жұмысымен танысты
Хух-Хото қаласынан келген делегация мүшелері "Энерджи Тараз" ЖШС жұмысымен танысты
. ЖШС директоры, “Respublica” партиясының белсендісі Бауыржан Әсембаевтың сөзіне сүйенсек, бүгінде компанияда 100-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Зауыт жарық диодты шамдарды және электр жабдықтарын құрастырумен айналысады. Айта кету керек, зауыт Қазақстан нарығын толық қамтамасыз етуге қауқары жеткілікті. Делегация мүшелерімен бірге және “Respublica” партиясының өкілдерімен бірге өткізілген кездесуде екі қаланың ынтымақтастығын нығайта отырып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Жиында сөз алған зауыт директоры Бауыржан Әсембаев екі қала арасында біріккен кәсіподақ ашуға шақырды. Одан бөлек, өз тараптарынан кәсіпкерлерге тиімді әрі қолайлы ұсыныс бере алатындығын жеткізді. - Зауыттың негізін қалаушылардың бірі “Respublica” партиясының мүшесі. “Respublica” партиясының ҚР Парламентінде 6 Мәжіліс депутаты, барлық деңгейде 56 мәслихат депутаты бар. Партияның ықпалымен, бақылауымен жүзеге асырылатын жоспарлардың ықпалы жоғары. Бұл жағдай сіздерге кепіл бере алады. Өйткені партия бақылауға алса, қадамдар анық болмақ. "Энерджи Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Хух-Хото қаласы өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайтындығымызға сенімдімін, - деді Бауыржан Әсембаев. Келесі сөзді алған қала мэрінің орынбасары Ван Синьой екі қала арасындағы ынтымақтастық нығайып, әртүрлі бағытта дамитындығына сенім білдіретінін жеткізді. Сонымен бірге, арадағы іскерлік қарым-қатынас нығая түсетіндігін айтты. Компания алдағы уақытта әріптестікті жандандыра түседі деген ниетте. - Біздің қалада шамдар өндіретін зауыттар бар. Қытайдағы лэд шамдарының өндісі едәуір дамыған және әлемдегі ең жоғарғы көрсеткішке ие. Сонымен қатар, біз тауарлардың сапасын ғана арттырып қоймай, жаңа өзгерістер енгізіп, экспортқа шығарып отырмыз. Дәл осы бағыт бойынша біз тереңінен зерттей отырып, қосымша талқылайтын боламыз. Бұл инвестиция құятын тарапқа өте маңызды, - деп сөзін түйіндеді қала әкімінің орынбасары Ван Синьой. “Respublica” партиясының негізгі бөлігін кәсіпкерлер құрайды. Сондықтан да партия басқа да мемлекеттердің кәсіпкерлерімен тәжірибе алмасып, белсенді мүшелерін қолдау және Жамбыл облысына инвестиция тарту бағытында алдағы уақытта да көптеген жұмыстар атқарады.