Бір ғана кәсіпорында 50 жазасын өтеуші қызмет етеді
Бір ғана кәсіпорында 50 жазасын өтеуші қызмет етеді
Біздің елде тамыз айының екінші жексенбісі «Қазақстан құрылысшылар күні» деп бекітілген. Жалпы, құрылысшылар адамзат өркениетінің бастауында тұрса, құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Бүгінгі таңда осынау саланың дамуына сот шешімімен кінәлі деп танылып, түзеу мекемесіне тоғытылған жандар да өз үлестерін қосуда. Оған себеп - ҚАЖ қызметкерлерінің тікелей ықпалымен жазасын өтеушілердің ақылы жұмыспен қамтуы болып отыр. Мәселен, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотты болған азаматтардың 50-і «Компания Самұрық» серіктестігінде еңбек етуде. Мұнда жазасын өтеушілер құрылыс, дәнекерлеу және техникалық байқау станциясында жұмыс істейді. Нақтылай түссек, облыс орталығындағы А.Чехов 1А мекен жайында темір-терсектерден және ағаштан жасалатын түрлі өнімдерге тапсырыс қабылдайды.