Мемлекеттік қызметші болудың міндеті ауыр
Мемлекеттік қызметші болудың міндеті ауыр
Баяндамашының айтуынша, әдеп нормаларын бұзғаны үшін 12 қызметші жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін 8 қызметші тәртіптік жазаға тартылған. – Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша, мемлекеттік органдардың басшы лауазымындағы 14 қызметкері сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде құқық қорғау органдарының 8, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 5, жергілікті атқарушы органдардың 1 басшысы бар. Оларға қолданылған тәртіптік жазаға сәйкес 2 басшыға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту берілсе, тағы 2 лауазымды тұлғаға «қатаң сөгіс» жарияланып, 4 басшыға «сөгіс», 2 тұлғаға «ескерту» түрінде шара қолданылды. Ал жыл басынан бері 6 рет әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісін өткіздік. Онда барлығы 39 мәселе қаралды. Нәтижесінде 9 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін 1 қызметкер өз лауазымынан босап, 7 қызметшіге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілді. Ал әдеп нормаларын бұзғаны үшін 1 қызметшіге «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды, – деді Руслан Шәмелұлы. Сондай-ақ баяндамашы мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдаудың шарттары туралы, олардың білім сапасын анықтау үшін алынатын тесттерге байланысты және олардың білім тәжірибесін арттыру мақсатында жасалатын курстар туралы да тоқталды. – Қазіргі таңда жалпы облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны 4 475-ті құрайды. Оның ішінде саяси лауазымдар – 16, «А» корпусы – 1, «Б» корпусы 4 458-ді құраса, бос лауазымдар үлесі – 192. Ал мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 41 жас болып отыр. Сонымен қатар кадрлардың білім сапасына тоқтала кетсек, қазіргі таңда облыста ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіргендер – 40 болса, «Болашақ» бағдарламасының 1 түлегі бар. Сондай-ақ биыл бірінші жартыжылдықта жалпы 1 060 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған, оның ішінде 654 мемлекеттік қызметші оқыды. Ал қайта даярлау курстарынан 154 қызметші, біліктілігін арттыру семинарларынан 500 қызметші өтті, – деді Р.Шарипов.