Қуаныш Елікбаев Жамбыл облысына іс-сапармен келді
Қуаныш Елікбаев Жамбыл облысына іс-сапармен келді
Жуырда Жамбыл облысына ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев іс-сапармен келді.
Аймаққа жұмыс сапары барысында ол бірнеше кәсіпорындарға барды. – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік қызметшілерге өңірлерге бару, мекемелер мен кәсіпорындарды аралау мен олардың мәселелерімен танысу және барлық жағынан көмектесуін міндеттейді. Мен үнемі ел аралып жүремін, және жұмыс барысында бәсекеге қабілетті, заманауи өнімдер шығаратын зауыттар мен цехтарды байқаймын, – дейді Қуаныш Елікбаев. Таразда комитет басшысын "Аспан Energy" ЖШС-нің, электр есептегіштерін шығаратын кәсіпорынның жұмысымен таныстырды. Қ. Елікбаев өндірістік цехтарда болып, жабдықтар мен жергілікті зертханаларды зерттеп, қызметкерлермен әңгімелесті.