Жамбыл жаңалықтары

Жамбылды жаһанға танытты

Жамбылды жаһанға танытты

Облыстық филармония өнерпаздары Аустрияда өткен «Villacher Kirchtag» фестивалінде өнер көрсетті

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы Аустрия мемлекетінің оңтүстігінде орналасқан Филлах қаласында 4-6 тамыз аралығында «Villacher Kirchtag» атты дәстүрлі фестивальға қатысты. Фестивальда Мәдениет саласының үздігі Дастан Көрегеннің жетекшілігіндегі «Алатау» фольклорлық ансамблі, әншілер, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров және Жандос Омаров өнер көрсетті. Фестивальді 100 000 адам тамашалап, 40-қа жуық мемлекеттен 3000-ға жуық өнерпаз қатысты. Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы, Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Әлібек Бақаев облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайға, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның директоры Сейітқасым Түктібаевқа алғыс білдіріп, өнерпаздарды да марапаттады.