Жаңалықтар

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚҰНЫҚҚАН ҚЫЛЫҚТЫЛАР

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚҰНЫҚҚАН ҚЫЛЫҚТЫЛАР

Біз осы уақытқа дейін құмар ойын мен спорттық ойындарға бәс тігуге тек ер азаматтардың ғана қызығушылығы басым деген стереотиппен келген болатынбыз. Бірақ бүгінде нәзікжандылар арасында да бәс тігу, құмар ойындарға құмарту қарқын алып келеді.

Аустрал иял ық зерттеу орталығының мәліметіне сүйенсек, букмекерлік кеңселерге баратындардың дені 25-40 жас аралығындағы отбасы жоқ, табысы орташадан төмен ер азаматтар екен. Алайда букмекерлік компаниялардың соңғы статистикасына сенсек, көрсеткіш өзгерген. Бәс тігушілердің жас көрсеткіші жасарған және құмар ойынға ер азаматтармен қоса әйелдер қауымының қызығушылығы артқан. Қазақстандық «Көмек» психологиялық орталығының психологі Серікгүл Сәли де Zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында қазір құмар ойынға тәуелді әйелдердің көбейгенін айтады. «Статистика қазір көбейіп жатыр. Дәл қазіргі уақытта біздің орталықта жүз адам болса, қырығы ойын тәуелділігінен ем алуда. Күніне осы проблемаға қатысты бес шағым түседі. «Көмек» орталығының жұмыс істеп жатқанына төрт жылдай болып қалды. Алғашында ойынқұмарлықпен осында жатқан он адамның біреуі ғана әйел болса, қазіргі уақытта он адамның екеуі немесе үшеуі қыз-келіншектер. Құмар ойынға салынған қыз-келіншектердің саны ай сайын көбеюде», – дейді С.Сәли. Сол сияқты «Facebook» әлеуметтік желісін белсенді қолданушы Серғали Балажан да жуырда парақшасында: «Қазақстанда әрбір екінші отба сын д а құма р ойын ойнайтын кемі бір адам бар. Соңғы уақытта спортқа ақша тігетіндердің қатарына қыздар көптеп қосылып жатыр дейді SANASEZIM психологиялық көмек орталығының директоры Дмитрий Гармаш. Лудомандардың басым көпшілігі білімді адамдар екен, әсіресе математиктер көп», деп жазба қалдырыпты. Жазбаның астына әлеуметтік желі қолданушылары көптеген пікір жазған. Мәселен, Нұрлан Досмағұл есімді азамат «Таныс жігіттің келіншегі ойнап, бірнеше жылда екі миллиондай ақша құртқан», деп мәселеге байланысты үн қосыпты. Жуырда «Instagram» әлеуметтік желісінде танымал блогерлер де құмар ойынға құмар қылықтылар мәселесін алға тартып, жазбалар жазған болатын. Оған пікір жазушылардың дені әйел кісілер. Және олар құмар ойынға кіріп, абыроймен қоса ақшадан айырылғандар. Солардың бірімен хабарласып, құмар ойынға қалай кіріп кеткенін сұрадық. Бірақ кейіпкеріміз өзінің қай жерден екенін және аты-жөнін атамауымызды өтінді. –  Жасым 30-да. Бұрын сауда жасағанмын. Саудам жүрмей, кері кете бастағанда ары қарай не істерімді, қалай аяққа тұрарымды білмедім. Қарыздарым әбден қажытты. Банктен де несие алдым. Сонда саудагер кісілердің кейбірі бәс тігіп, ақша тауып жүргенін байқайтынмын. Көзім қарайып, танысыма үйретуін өтіндім. Ол мені букмекерлік кеңсеге ертіп апарды. Алғашқы күні-ақ қолым жүріп кетті. Мені ертіп барған кісінің неге екенін білмеймін, жолы болмады. Ұтыла берді. Екінші күні де солай болды. Үйреткен кісімен тапқан ақшаны бөлістім. Ал үшінші күні танысымды ертпей өзім бардым. Алғашында қомақты ақшаға кенелгендіктен біраз қарызымды жаптым. Кейін барлығы кері кете бастады. Қазіргі қарызымды айтпай-ақ қояйын. Әк е-шешем, бауырларыма қарайтын бет жоқ. Оқытылсам немесе арнайы орталыққа барып емделсем, қоятын шығармын, – дейді ол. Осы орайда әлеуметтік желі арқылы кезінде казинода есепші болып істеген келіншекпен байланыс орнатып, әңгімеге тартып көрдік. Алайда бұл к ейіпк еріміз де аты-жөнін атаудан түбегейлі бас тартып, сұрақтарымызға қысқаша жауап қайырды. «Казиноға келген адам жеңілгенін көрмейді. Тек анда-санда бірен-саран ұтқан ақшасына марқаяды. Бұл таза дерт. Ондай адамды жазғырмай, көмек көрсетіп, демеу керек. Ішімдік, темекіге үйір болған ерлерге қарағанда әйелдердің жазылуы қиын болады дейді ғой. Сол секілді құмар ойынға бір кірген әйелдерді де тоқтату қиын», – дейді ол. Ал облыс әкімдігінің дін істері басқармасының дін проблемаларын зерттеу орталығының психологі Жанна Қалдыбекованың айтуынша, қылықтылардың мұндай қылыққа баруының өз себебі бар екен. –  Қазіргі таңда ер азаматтармен қатар әйелдер де казино және құмар ойын, онлайн ойын, ойын автоматтарына құмарта бастады. Әйелдердің құмар ойындарға келу себебі: Біріншід ен, әйелдер күнделік ті өмірден және өмір қиындықтарынан қашу мақсатында құмар ойындарға барып жатады. Екіншіден, әйелдер қалталы азаматтармен қарым-қатынас құру мақсатында ойынханаларға бар ад ы. Осы орайда өз практикамда болған бір жағдайды айтқым келеді. Бір пациентім өз өмірін жақсарту, қалталы болашақ жар табу мақсатында ойынханаларға барып құмар ойындармен әуестеніп жүреді. Қызығушылығы артып, кейіннен онлайн және әртүрлі ақша тігіп ойнайтын құмар ойынның құрбаны болады. Өзіндегі барынан айырылып, әке-шешесінің үйін ұттырып жіберген. Өзінің дұрыс істеп жүрмегенін түсінген ару маған хабарласып, психологиялық көмек сұрады. Екеуіміз психологиялық тұрақты жұмыс жүргізіп, ол қыз өмірін жақсы арнаға бұра алды. Бірақ жарты жылдай үзбей жұмыс істеді. Қазір жаңа өмір бастаған, тұрмыста. өз өмірін жақсарту, қалталы болашақ жар табу мақсатында ойынханаларға барып құмар ойындармен әуестеніп жүреді. Қызығушылығы артып, кейіннен онлайн және әртүрлі ақша тігіп ойнайтын құмар ойынның құрбаны болады. Өзіндегі барынан айырылып, әке-шешесінің үйін ұттырып жіберген. Өзінің дұрыс істеп жүрмегенін түсінген ару маған хабарласып, психологиялық көмек сұрады. Екеуіміз психологиялық тұрақты жұмыс жүргізіп, ол қыз өмірін жақсы арнаға бұра алды. Бірақ жарты жылдай үзбей жұмыс істеді. Қазір жаңа өмір бастаған, тұрмыста. Лудомания – құмарлық, ақылсыздық, құштарлық деген мағынаны білдіреді. Психол огиял ық тұрғыд ан қарағанда сананың ауруы. Сана уланған жағдайда ешкім құтқара алмайды. Өзінің түзелемін деген ниеті болмаса, – дейді Жанна Садуақасқызы. Кез келген құмар ойын – харам. Сондықтан құмар ойындарды асыл дініміз құптамайды. Адамды бос үміттің жетегіне салып, маңдай терсіз табысқа кенелтетін бұл ойындар күнәлі істерге есік ашады дейді дін мамандары. Әйел азса – заманның, қоғамның, елдің де азатынын ескерсек, бұлай жалғаса берсе, тұтас бір ұрпақтың келешегіне балта шабылғалы тұр. Адамның хайуаннан артықшылығы ақылында. Демек ақшаға деген құмарлықтан асқан арсыз нәрсе жоғын түсінуіміз керек.

Айжан ӨЗБЕКОВА