Руханият

«АҚЫН ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ» АТТЫ ӘДЕБИ КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ

«АҚЫН ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ» АТТЫ ӘДЕБИ КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың өмірі мен шығармашылығына арнап, ақынның туғанына 95 жыл толуына орай «Ақын халық жүрегінде» атты әдеби квест өткізді. Ойынға Тараз қаласы білім бөлімінің «Болашақ» балаларға арналған жазғы сауықтыру орталығының демалушылары қатысты. Әдеби квест қатысушылары үш топқа бөлініп, олардың әрқайсысы бірнеше тапсырмаларды орындады: бірінші «Өмірдерек» – деп аталған ақынның өмірінде ерекше орын алған даталар мен саңдарды тауып, сканворд пен ребустарды шешті. Сандарда жасырынған сұрақтарға жауап берді. Екінші тапсырмада ақынның жарық көрген кітаптары бойынша сұрақтар қойылып, контурлық картамен жұмыс кезінде балалар аялдаманың бағыттарын шешті. Үшінші аялдамада негізгі тапсырманы іздестіру барысында ойыншылар бірнеше кедергілерден өтіп, ақынның өлеңдерін мәңерлеп оқыды. Сонымен қатар, Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған «Ана туралы жыр» әнін орындап, тамаша флешмоб биледі. Ойын соңында қорытынды шығарылып, ең үздік әдебиет білімпаздарына кітапхана әкімшілігінен алғыс хаттар табысталды. Ал, квест ойынының ұйымдастыруына ықпал жасап, қолдау көрсеткені үшін Жасөркен ауылында орналасқан «Болашақ» балаларға арналған жазғы сауықтыру орталығының әкімшілігіне кітапхана ұжымы алғыс білдіріп, бірнеше кітаптарды тарту етті.