Жаңалықтар

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 мың теңгеге жуықтады

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 мың теңгеге жуықтады

Биыл шілдеде Қазақстанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 49,5 мың теңге болды, деп хабарлады Finprom.kz. Бұл – былтырғыдан 10,5%-ға көп. 2022 жылғы сәйкес кезеңде көрсеткіш 44,8 мың теңге болып, бір жылда 16,4% өскен.

Үздік бестікке Алматы қаласы мен Павлодар облысы да енді: 51,2 мың және 49,4 мың теңге. Еліміздің 20 өңірінің төртеуінде ғана ең төменгі күнкөріс деңгейі республикалық деңгейден жоғары.

Жасы бойынша ерлер мен ұлдар арасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,5-1 жас аралығындағы балаларда – 32,5 мың теңге, ең жоғарысы 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде – 62,6 мың теңге. Әйелдер мен қыздар арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,5-1 жас аралығындағы балаларда – 30,5 мың теңге, ең жоғарысы 14-17 жас аралығындағы қыздарда – 47,9 мың теңге. Барлық жас санатындағы ұлдар мен ерлердің күнкөріс деңгейі сол жастағы қыздар мен әйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары.