Таразда жазасын өтеушілер Абай күнін атап өтті
Таразда жазасын өтеушілер Абай күнін атап өтті
Биыл қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл. Тәуелсіз елімізде Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып бекітілген. Төрт жылдан бері аталып өтілетін айтулы датаға орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында іс-шара өтті. Шара барысында сотталған азаматтар хәкім Абайдың өмірбаянымен кеңінен танысуға мүмкіндік алып, оның артында қалдырған ұлы мұрасы жөнінде әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, өз өнерлерін де ортаға салды. Шара соңында Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалды.