Жамбыл жаңалықтары

Қордайда жаңартылған ХҚКО ашылды

Қордайда жаңартылған ХҚКО ашылды

Бүгін Мемлекеттік корпорацияның БасқармаТөрағасы Сүйеніш Әбділдин мен Жамбыл облысыныңәкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданындаорналасқан жаңартылған ХҚКО-ның жұмысыментанысты. Жаңа цифрлық кеңсе Батыс ш.а, 25 мекенжайы бойынша орналасқан.

Бұл орталық облыс әкімінің қолдауымен ашылғанүшінші ХҚКО болып есептеледі. Бұған дейін Жамбыл облысында Нұржан Нұржігітовтың қолдауымен Байзақауданында жаңа форматтағы ХҚКО және Шу қаласындажаңа ХҚКО секторы ашылды. Айта кетейік, барлықжаңартылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарыазаматтарға ыңғайлы болу үшін заманауи техника жәнежайлы жиһаздармен жабдықталған.

«Өткен жылы біз жаңартылған ХҚКО-ларды ашубойынша белсенді жұмыс жүргізуді бастадық. Жақынарада барлық өңірлерде заманауи және ыңғайлыхалыққа арналған цифрлық кеңселерді ашудыжоспарлап отырмыз. Жаңа Халыққа қызмет көрсетуорталықтарын ашу барысында облыс әкімдерініңқолдауы ерекше маңызды. Себебі, бірлескен күш-жігермен ғана біз азаматтарға мемлекеттікқызметтерді алуға қолайлы жағдай жасай аламыз. Жамбыл облысының әкіміне осы мәселегежәрдемдескені үшін алғыс білдіремін», - деп атап өттіМемлекеттік корпорацияның Басқарма ТөрағасыСүйеніш Әбділдин.  

«Қордай ауданында 150 мыңға жуық азаматтұрады. Біз жаңартылған ХҚКО-ның ашылуыменкезектердің азаюуын, сондай-ақ, мемлекеттікқызметтерді алу уақыты айтарлықтай қысқаруынкүтеміз. Бұдан басқа, азаматтар өзіне-өзі қызметкөрсету секторларында қызмет алу арқылы, өздерініңцифрлық сауаттылықтарын арттыра алады», - деді, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының директоры Батырхан Тоқтағұл.

Жаңа ХҚКО-ның алаңы шамамен 2 мың шаршыметрді құрайды. Бұл көлем алдыңғы орталықпенсалыстырғанда едәуір үлкен. ХҚКО жылдамдық, әлеуметтік қызмет, жайлылық, байланыс және өзіне-өзіқызмет көрсету аймақтарына бөлінген. Бұдан басқа, ХҚКО-да аудандық тіркеу, жер кадастры жәнеәлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері қызмет көрсетеді.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін ХҚКО-ныңаймағында 100 көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Күн сайын жаңа ХҚКО-ға Қордай ауданының 500-ге жуық тұрғыны келеді деп күтілуде.