Қоғам

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҮНДЕУ

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҮНДЕУ

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, облыста жол-көлік оқиғаларының саны 36 пайызға азайды.

Осыған қарамастан аймақ жолдарындағы жағдай күрделі болып қала береді. 6 ай ішінде 324 жүргізуші мас күйінде ұсталды. Жылдамдық режимінен асып кету фактілерінің саны 4,5 мыңнан 8 мыңға дейін өсті. Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың 8,5 мың дерегі анықталды. Жолдардағы жағдайға алаңдаулы облыс полицейлері тұрғындар үшін жол қозғалысының қауіпсіз болуы үшін барлық азаматтарды жол-көлік оқиғаларының алдын алуға үлес қосуға шақырады. Алғашқылардың бірі болып атақты спортшылар, облыстық мешіт имамдары, журналистер атсалысып жатыр. Әлемдегі ең танымал дзюдошылардың бірі, Олимипада ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов, бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов, бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов, имамдар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жүргізушілерге бейнеүндеу жолдап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. – Жүргізушінің бір асығыс қадамының салдары қайғылы жағдайға әкеледі. Құрметті жерлестер, жолда абай болайық! Бір қателіктің көптеген адамның өмірін бұзуына жол бермеу керек, – деді Елдос Сметов жүргізушілерге.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі