АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Бүгін Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау қызметкерлері мен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері «Айнелёк» бала-бақшасында төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбында сабақ өткізді. Мұндағы басты мақсат – өміріміздің жалғасы болып табылатын бүлдіршіндерді түрлі төтенше жағдайлардан қорғау және балабақша қызметкерлерін төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге баулу. ТЖ мамандары аталған шара барысында қатысушыларға өрт немесе ТЖ кезінде «101» және «112» телефон нөмірлеріне хабарласу қажеттігін баса айтты. Алғашында ғимарат ішіндегі тәрибеленушілер балаларды қауіпсіз орынға көшіру дағдыларын көрсетті. Өрт сөндірушілер арнайы өрт сөндіру автокөлігімен келіп, балаларды қолдарынан жетектеп, оларды өрт сөндіру-құтқару құрал-жабдықтарымен таныстырып, өрт сөндіру жеңдерін қолдануды және жинауды көрсетті. Ал балалар өз кезегінде от жауынгерлерінің жауынгерлік дулығаларын киіп көрді. Сондай-ақ аталған шара барысында балаларға түрлі түсті суреттермен бейнеленген, төтенше жағдай кезінде әрекет ету ережесі қамтылған жадынамалар таратылды. Шара соңында Тараз қаласы ТЖБ мамандары өрт сөндіргішті қалай пайдалану қажеттігін тәжірибелік тұрғыдан көрсетті. Өткен іс-шараның өте қызықты болғандығы балалардың риясыз күлкісінен байқалып тұрды.
1