БҰҰ қасиетті Құран кәрім кітабын қорлауға қарсы жаңа қаулы қабылдады
БҰҰ қасиетті Құран кәрім кітабын қорлауға қарсы жаңа қаулы қабылдады
Бұл қаулыға Марокко Корольдігі бастамашы болды. Құжатты БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдады. Қаулыда дінге қарсы наразылықтың барлық түрі айыпталады делінген. Атап айтқанда, діни рәміздерге, қасиетті кітаптарға, діни көзқарастағы адамның үйлеріне, кәсіпорындарына, мүлкіне, мектептеріне, мәдени орталықтарына немесе ғибадат ету орындарына қарсы бағытталған кез келген әрекет дінге қарсы жасалған шабуыл деп есептеледі. Сондай-ақ құжат авторлары мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранға қарсы арандатушылықты айыптауға шақырып, оларды «діни өшпенділік актілері» деп сипаттады. Еске сала кетсек, 25 шілдеде Дагнияның астанасы – Копенгаген қаласыеда Египет және Түркия елшіліктерінде Құранды өртеу акциясы болды. Мұндай акция бір күн бұрын Ирак елшілігінің алдында да өткен. Оның алдында Швецияда бірнеше рет Құран кітабы өртелді. Осы оқиғаларға байланысты жер-жүзінің мұсылман қауымы Құран кітабын өртеген елдердің билігін айыптап, акцияны ұйымдастырған адамдарға қатаң шара қолдануды талап етті.